Бұл бастапқы жоспардан бірнеше мыңға артық
Америкалық Amazon корпорациясының директоры Энди Джасси 18 мың қызметкердің жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен жылдың қараша айында компания 10 мыңға жуық адамның жұмыстан босатылатынын ескерткен.
Э. Джасси қысқартуға жататын қызметкерлер туралы шешім қабылдау қиын болғаны туралы блогында жазба қалдырған. Оның айтуынша HR-мамандар мен Amazon дүкенінің бөлімдерінде қызмет атқарғандар қысқартылады.