Синоптиктер қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын ескертті
Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл және Түркістан облысында 6-8 каңтар аралығында аралас жауын-шашынның болжануына байланысты таулы аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Абай облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтсүтігінде 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстікте, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысында күндіз солтүстікте, орталықта, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с.