Материалдық шығын анықталуда
Маңғыстау облысында ауыл мектебінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша Маңғыстау ауылындағы №8 мектеп ғимаратынан сағат 19:13 шамасында түтін шықты.
Анықталғандай, екінші қабаттағы акт залда түтін шыққан. Түтін дер кезінде жойылып, өрттің алды алынды. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына Мұнайлы ауданының №5 өрт сөндіру бөлімі мен Басқұдық ауылдық округінің №12 өрт сөндіру бөлімінен 4 техника мен 22 жеке құрам жұмылдырылып, түтін сөндірілді. Шамамен 105 шаршы метр тұтанған.