Бұл факті бойынша Қарағанды облыстық Полиция департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорнында тағы бір жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшыны ток соққан. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ер адам есін жимастан көз жұмды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу амалдары басталды.