Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан тағы бір адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде бір күнде 115 адам КВИ жұқтырған

Фото: vlast.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 115 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 1 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

5 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 447 адам коронавирус инфекциясынан (–2 273+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 305 пациент стационарда, 2 142 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 14 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өкінішке қарай, COVID-19 вирусынан тағы 1 адам көз жұмды.