Бірқатар елде газға сұраныс азайып, баға құлдырады
Еуропа елдері Рождество мерекесін қарсыз қарсы алмақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Қаңтар айының басында бүкіл Еуропаға жылы ауа толқыны тарады. Құрлықта ауа температурасының рекордтық жағдайда көтерілуі биржада газ бағасының төмендеуіне тікелей әсер етті. Мәселен, қарлы және аязды қыс жиі кездесетін Польшада күн 19°С дейін жылынса, испаниялық Бильбаода термометр +25°С көрсеткен.
Польшадан басқа Нидерланды, Лихтенштейн, Литва, Латвия, Чехия, Дания және Беларусьте күн ысып кеткен. Аймақтық рекордтар Германия, Франция мен Украинада да тіркелген.
Альпілік тау шаңғысы курорттарында қар жоқ. Поляк жерінде және Еуропаның басқа да өңірлерінде қыс айына қарамастан, шие гүлдеп кеткен.
Жылы ауа райына байланысты Еуропаның көптеген елінде газға сұраныс төмендеді, ол бағаның құлдырауына тікелей әсер етті. Сәрсенбіде Лондон қор биржасында 1 мың текше метр газ 750 долларға, Нидерланды қорында 733 долларға дейін төмендеді. Еуропа халқы осылай Рождество мерекесін жағажайда шомылып жүріп тойламақ.
Күннің күрт жылынып кетуі Ресей газына деген тәуелділіктен құтқарғанымен, ғалымдар бұл жағдайдың қуанатын жайт емес екенін ескертіп жатыр. Ғалымдардың пайымдауынша, жылы немесе ыстық ауа райының тым ұзаққа созылуы – адамның климатқа тигізген кері әсерінің көрінісі. Еуропа қысының жылынып кетуінен жаз айы тым ыстық болуы мүмкін. Оның соңы ыстықтан адамдар өліп, егістіктің жойылуына тікелей әсер етеді.