ШҚО-да 8 қаңтарға дейін қар көшкіні қаупі сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады

фото: egemen.kz

Шығыстың таулы аймақтарында 4-8 қаңтар аралығында көшкін жүру қаупі бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy Altaynews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Мамандардың айтуынша, қар көшкіні көлік жолдарының бойында жиі болады. Сондықтан таулы аймақтарға сапарға шықпаған абзал.

«Қар көшкіні 8 қаңтарға дейін қауіп төндіреді деп болжанды. Жолға шықпас бұрын, трассаның ашық-жабықтығы туралы ақпаратты нақталап алған жөн», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Тегтер: