Жаңа жылдық отшашу кезінде 6 бала зардап шекті – министрлік

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан бойынша пиротехникалық құралды қолданған 15 адам күйіп қалған

фото: ашық дереккөзден

Елімізде жаңа жылдық отшашу кезінде кәмелетке толмаған 6 бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында отшашуды қолдану кезінде күйік алудың 15 фактісі тіркелген, оның ішінде зардап шеккен 6 кәмелетке толмаған бала бар.

Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде үйдің ауласында ер адам екі кәмелетке толмаған баласымен бірге отшашуды қолданған кезде ерні мен қолы күйіп қалған.

Тағы бір оқиға Астанада Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехниканы дұрыс қолданбау салдарынан балкон өртенген. Зардап шеккендер жоқ.