Алматыдан 327 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

Фото ашық дереккөзден

Бүгін таңғы 6:49 минутта ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматыда жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 327 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 9.4. MPV магнитудасы 4.0. Эпицентрдің координаттары 42.05° С. Е. 80.58° Ш. Б. тереңдігі 5 км. сезгіштігі туралы мәліметтер (МСК-64 шкаласы бойынша) жоқ.