Сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен
Алматыда «Адем» сауда үйінен адамдар эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін таңғы сағат 09:59 шамасында жедел басқару орталығына «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Соған байланысты сауда үйіне келушілер мен сауда үйінің қызметкерлері эвакуацияланды.
Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері ғимаратта тексеру жүргізгенімен жарылыс құрылғылары табылған жоқ.
Қазір полиция жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр.