Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Президент мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігі туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.