Бұл туралы IKomek қызметі хабарлады
Ауа райына байланысты Астана қаласының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлайды Azattyq Ruhy IKomek қызметіне сілтеме жасап.
«3 қаңтар сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауынан (желдің күшеюі, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург – Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды» делінген ресми хабарламада.