Қазір аталған факті бойынша тергеп-тексеру шаралары басталды
Атырау облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі 37 жастағы жолаушы, екіншісі бір жастағы бала, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2 қаңтар күні сағат 11:50 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 147-шақырымында ВАЗ Priora мен Toyota Alphard көлігі соқтығысқан. Жол апатынан ВАЗ Priora көлігінде болған 1985 жылғы және 2021 жылы туған жолаушы оқиға орнында мерт болды», - деп көрсетті Атырау облыстық Полиция департаменті.
Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.