Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі - Үкімет

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланған

фото: ашық дереккөзден

Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға өседі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл студенттердің стипендиялары 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға өседі. Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланған.

Сонымен қатар студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда.

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 5500 орындық 9 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса, жатақханаларды қайта жөндеу және салу ісі МЖӘ тетігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алатын болады.

Тегтер: