Жарақат алған бір адам ауруханаға түсті
Теміртауда 31 желтоқсан күні жеңіл көлік жүргізушісі 4 жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Теміртау қаласында 31 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында «ВАЗ 2114» көлігінің жүргізушісі Абай көшесі бойымен келе жатып, жолдың арғы бетіне өтпек болған 4 жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 54 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді», - деп көрсетті Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір бұл факті бойынша полицейлер тергеу амалдарын жүргізуде, бірқатар сараптама тағайындалған.