Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 2.01-де қала іргесінде орналасқан Тасбөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

«Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 2.07-де оқшауланып, 2.08-де толық сөндірілді. Шығын мөлшері анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Тегтер: