Қарағанды облысында боранда адасып кеткен шопан аман табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар ауа-райы нашар болса, әсіресе кешке қарай алыс сапарларға шықпауға кеңес береді

фото: stihi.ru

Қарағанды облысында боранда адасып кеткен шопан аман табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Желтоқсанның 31-і күні сағат 21:17-де Ақтоғай ауданындағы 70-ші разъездте шопан жоғалып кетті деген хабар келіп түсті. 1973 жылы туған ер адам таңертең мал іздеп шығып, қайтып оралмаған. Іздеу-құтқару тобы жоғалған адамды қыстақтан 10 шақырым жерден тапты», - деп көрсетті Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.  

Құтқарушылардың айтуынша, қойшы ауа-райының қолайсыздығынан жолды таба алмай адасып кеткен.  

Тегтер: