Қазақстанда бір тәулікте 181 адамнан коронавирус инфекциясын анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбі амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 1 қаңтардағы деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Елімізде өткен тәулікте 181 адамнан коронавирус инфекциясын анықталды.

2 806 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 547 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

Тегтер: