Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарады
Қарағандыда сауда үйінің жанынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
31 желтоқсан күні сағат 9:47-де Қарағанды қаласының 12 шағын ауданындағы «Аян» сауда үйінің маңында 71 жастағы зейнеткердің мәйіті табылған. Әйелдің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмаған.
«Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.