Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы тәуліктегі деректерді жариялады
Өткен тәулікте 202 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
31 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 731 адам коронавирус инфекциясынан (–2 552+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 259 пациент стационарда, 2 472 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.