Қонаев қаласында жаңадан төселген асфальт опырылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болған

instagram.com/konaevkz

Қонаев қаласында жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнынан түсірілген суреттен жаңадан төселген асфальттың опырылып, жер шұңқырайып қалғанын анық көруге болады.

«Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болды. Қазір жол қалпына келтіріледі»,- деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел ҚазАқпаратқа берген жауабында.