Ол Беларусь елі де Украинаға соғыс ашуы мүмкін екенін айтты
Егер Украинаны қорғау қажет болса, Қарулы күштер Ресей аумағына кіруі мүмкін. Бұл туралы Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов kyivpost.com-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Елімізді қорғау үшін сол жерге баруымыз керек болса, барамыз. Біз ешкімнен сұрамаймыз. «Біреудің ашуына тиюдің қажеті жоқ» деген бос сөз», - деді Данилов Kyivpost.com басылымы тілшісінің «Украина әскері Украинаны қорғау үшін Ресей аумағына кіруі мүмкін бе?» деген сұрағына жауап беру кезінде.
Ол сондай-ақ Украина Беларусь тарапынан соғыс қимылдары басталған жағдайда да әрекет ететінін атап өтті.
«Беларусьті Ресей Федерациясы басып алды. Ресей әскери күштері ол жерде өз үйінде жүргендей сезінеді. Шешім қабылданған кезде, егер соғыс қимылдары басталса, біз оған да жауап беруге дайынбыз», - деді Данилов.
Сонымен бірге, Даниловтың айтуынша, Ресей Александр Лукашенкоға қысым жасап, Беларусь елінің Украинаға қарсы соғыс ашуына ықпал етуі мүмкін.
«Атқарылып жатқан іс-шаралар қазіргі уақытта түпкілікті келісімнің жоқтығын көрсетеді. Бірақ бұл Путин болашақта Лукашенкоға қысым жасамайды дегенді білдірмейді. Бұл Путиннің Лукашенконы субъект ретінде 24 ақпанда бастаған қанды шайқасқа тартудың алғашқы әрекеті емес.
Тағы да айта кетейін, егер Лукашенко осындай қадамға барар болса, әлем елдері де, Украина да, Беларусь халқының өзі де оны кешірмейді», - деп түйіндеді ол.