Тоқаев Әділет министрін қызметінен босатты

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрін қызметінен босатты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Сергейұлы Мусин Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенаттың жалпы отырысында Үкіметтің құрамына қатысты нақты проблемаларды көтеріп, кадрлық өзгеріс жасайтынын мәлім еткен болатын.