Президент әйгілі футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Пеле 82 жасында қайтыс болды

Фото ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

Айта кетейік, футбол патшасы саналған Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) 82 жасында ұзаққа созылған дерттен көз жұмды.