Үндістан билігі Өзбекстандағы балалардың үнділік препараттан қайтыс болуына байланысты тергеуді бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрінің құрамында этиленгликоль атты улы зат бар екен

Фото ашық дереккөзден

Үндістан билігі Өзбекстанда 18 бала қайтыс болғаннан кейін фармакологиялық компанияға қатысты тергеуді бастады.

Ел билігі Өзбекстан ведомстволарына болған оқиға туралы толығырақ ақпарат беруді өтініп, сұрау жіберді.

Бұған дейін 18 бала үнді таблеткалары мен жөтел сироптарын қабылдағаннан кейін уланып, қайтыс болғаны жайында жазғанбыз. Олардың құрамында этиленгликоль атты улы зат бар екені белгілі.