Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр
Бүгін, яғни 29 желтоқсан сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы шықты.
Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оның анасын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.