Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын», - делінген Жарлықта.
Мемлекеттік стипендия 31 әдебиет қайраткеріне, 37 өнер қайраткеріне тағайындалды.
Олардың толық тізімі Ақорда ресми сайтында жарияланды.