COVID-19 инфекциясынан 2729 адам емделіп жатыр
Қазақстанда өткен тәулікте 263 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясына 18 адам шалдыққан. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2729 адам коронавирус инфекциясынан (-2578 + және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 256 пациент стационарда, 2473 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Өкінішке қарай COVID-19 вирусынан 1 адам көз жұмды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.