2022 жылдың үздік он боксшысының тізімі жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Рейтинг бойынша бірінші орында Геннадий Головкин тұр

Фото ашық дереккөзден

Сайт Boxrec.com 2022 жылдың қорытындысы бойынша үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Онда бірінші орынды WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алған. Осы дивизионда WBO белбеуін иеленген Жәнібек Әлімханұлы екінші орында тұр. Қазақстандық үздік боксшылардың үштігін Әли Ахмедов аяқтайды, ол өзінің соңғы жекпе-жегінде IBF North American және WBC Silver супер орта салмақтағы кіші чемпиондық белбеулерін жеңіп алған болатын.

BoxRec нұсқасы бойынша үздік 10 қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО)

2. Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО)

3. Әли Ахмедов (19-1, 14 КО)

4. Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО)

5. Сергей Липинец (17-2-1, 13 КО)

6. Бекман Сойлыбаев (15-1, 6 КО)

7. Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО)

8. Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО)

9. Қанат Ислам (29-1, 22 КО)

10. Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО).