«Болашақ» стипендиясының иегері Димаш Құдайберген АҚШ-та тағылымдамадан өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Белгілі әнші «New York Film Academy» жетекші жоғары оқу орнын таңдаған

Фото ашық дереккөзден

Димаш Құдайберген АҚШ-тың «New York Film Academy» жетекші жоғары оқу орнында «режиссура» мамандығы бойынша 1 жылдық тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы dimashnews.com сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Димаш Құдайберген АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – New York Film Academy-де «режиссура» мамандығы бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтеді», - делінген ресми сайттағы хабарламада.

Еске кетейік, бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссия шешімімен биылғы халықаралық стипендия 178 адамға тағайындалды. Стипендиаттардың қатарында танымал әнші Димаш Құдайберген де бар.