СҚО-да білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады

 

Фото: mzhroo.edu.kz

СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің басшысы С.М. Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде», - делінген Антикор хабарламасында.

Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М. Рамазанова қамауға алынды.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.