Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер саны артып келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті БАӘ авиациялық биліктерімен бірлесіп, мереке күндері мен каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын көбейту туралы шешім қабылдады.

«2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін "Fly Dubai" әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады», - делінген комитет хабарламасында.

Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды.