Бүгін елімізде жауын-шашынсыз әрі аязды ауа райы сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың бірқатар аумағында жел күшейеді

Синоптиктер 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттардың әсерінен елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), ҚР қиыр солтүстігінде аздаған қар жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.  

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, ҚР оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен секундына 1-6 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 8-10°С аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 аяз, күндіз 1-3°С жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз 7-9°С жылы болады.