Ветеринарлық қызметке жиі жүгінетіндер Астана мен Жамбыл облысында тұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді

Фото ашық дереккөзден

Биылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда ветеринариялық қызмет саласында көрсетілген қызметтер көлемі 33 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл қызмет түрі ауылдық жерлерде 13 млрд теңгеге көрсетілген.

Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі елордада көрсетілген. Астанада осы жылдың 9 айында 3,9 млрд теңгеге қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, айтарлықтай көлем Жамбыл (2,7 млрд теңге), Түркістан (2,4 млрд теңге) және Ақмола облыстарында (2,3 млрд теңге) тіркелді.

Ветеринария саласындағы қызмет көлемі Ұлытау облысында ең аз - 362 млн теңге.