Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Мемлекет басшысы ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді» - делінген хабарламада.