РФ СІМ: Қазақстан мен Өзбекстан газ одағын құру бойынша Ресеймен жұмыс істеуге дайын

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Бұл туралы РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлім еткен

Фото: ашық дереккөзден

Астана мен Ташкент газ одағын құру бойынша Мәскеумен жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы ТАСС агенттігіне берген сұхбатында РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Үш жақты газ одағын құру идеясы - Ресей үшін де, біздің серіктестеріміз Қазақстан мен Өзбекстан үшін де мүдде танытатын мәселе. Бұл салада өзара іс-қимыл орнату қазіргі энергетикалық сұраныс, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету міндетімен байланысты. Ресейдің серіктестері осы бағытта бірлескен іс-қимыл жасауға дайын», - деген ол.

Осылай бола тұра, министрдің орынбасары бұл идеяны жүзеге асыру үшін «ауыз толтырып айтатындай ешқандай кедергі жоқ» екенін, алайда, қазірдің өзінде «үш елдің тиісті министрліктері жүргізіп жатқан» сарапшылар деңгейіндегі үлкен жүйелі жұмыс керек екенін атап өткен.

«Өзбекстанның жобаға қатысуына келетін болсақ, РФ президенті Владимир Путин 9 желтоқсан күні ЕЭО саммитінің аяқталуына орай Бішкекте өткен баспасөз мәслихаты кезінде энергетикалық альянс құру мүмкіндігі бойынша жұмыс басталып кеткенін атап өткен», - деп хабарлады Галузин.

Azattyq Ruhy ҚР Сыртқы істер министрлігінен бұл мәселеге қатысты комментарий сұратады.