Австриядағы қар көшкіні: екі шаңғышы із-түзсіз жоғалып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Австриялық Альпіде жыл сайын орта есеппен 20 адам қайтыс болады

Фото: Euronews.com

Австриялық құтқарушылар Батыс Форарльберг аймағындағы Лех Цюрс шаңғы курортында қар көшкінінен кейін жоғалған екі туристі іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2700 метр биіктікте болған. Операцияға тікұшақтар мен із-кесуші иттер тобы қатысып жатыр.

Бастапқыда полиция куәгердің түсірген видеосы негізінде қар астында қалған он шаңғышы туралы хабарлады. Кейінірек жоғалған сегіз адам табылды, олардың ешқайсысы қатты зардап шекпеген.

Билік рождестволық демалыс күндері жылы ауа райына байланысты бұл аймақта және Тиролда көшкін қаупі жоғары екенін ескерткен.

Австриялық Альпіде жыл сайын орта есеппен 20 адам қайтыс болады.