Қазақстанның қай өңірінде тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі жиі тіркеледі

Автор: Мира Байбек

Биыл елімізде 99 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған

Фото: esp.md

Биылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты ресми түрде 841 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,9 пайызға аз, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Energyprom.kz мамандарының салыстыруынша, 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында 903 отбасылық және тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,7% аз көрсеткіш.

«Өңірлік тұрғыдан алатын болсақ, отбасылық-тұрмыстық анжалдан шыққан қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген: өңірде бір жыл бұрын 135, ал биыл 100 дерек тіркелген», - дейді мамандар.

Сондай-ақ Алматы (87 жағдай), Қарағанды ​​(80 жағдай), Павлодар (80 жағдай) және Қостанай (72 жағдай) облыстарында да осы тәріздес құқықбұзушылықтар саны біршама көп болыпи отыр.

Аталған құқықбұзушылық саны бойынша ең аз дерек жаңадан құрылған үш өңірде – Абай (3), Ұлытау (4) және Жетісу (5) облыстарында тіркелді.

«Тіркеуге алынған істердің 97,6%-ы жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады: 821 іс – бір жыл бұрынғыдан 7,9%-ға аз. Мұндай құқықбұзушылықтың басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327 іс) және орташа ауырлықтағы (295 жағдай) зиян келтіру, сондай-ақ кісі өлтіру (99 іс) болды», - делінген зерттеуде.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылардың арасында меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар (9 іс) және басқаруға қарсы қылмыстық құқықбұзушылық (4 жағдай) жасағандар да кездесті.