Елімізде өткен тәулікте 233 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирусқа шалдыққандар арасында 6 адамның жағдайы өте ауыр

Фото ашық дереккөзден

Елімізде өткен тәулікте 233 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Одан бөлек белгісі білінбейтін КВИ-ға тағы 10 адам шалдыққан. Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 668 адам коронавирус инфекциясынан (-2528 + және 140 КВИ-) емделіп жатыр, оның 350-і стационарда, 2 318 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 11 адамның жағдайы ауыр,

- 6 науқастың жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.