Оған қатысты бірден бірнеше қылмыстық іс қозғалмақ
Дональд Трампқа АҚШ президенттігіне қайта үміткер болуға тыйым салынуы мүмкін, оған бірден бірнеше қылмыстық іс қозғалмақ.
Өкілдер палатасының арнайы комитеті екі жыл бұрын Капитолийге жасалған шабуылға қатысты тергеу туралы қорытынды есеп шығарды. Құжатта Трамп пен кейбір басқа адамдар әртүрлі деңгейдегі шенеуніктерге қысым жасау науқанын әдейі жоспарлаған, оның мақсаты президенттік сайлауда берілген дауыстарды санауға әсер ету және осылайша Джо Байденнің заңды жеңісін жою болды делінген.
Арнайы комиссия Трампқа қарсы көтеріліске жәрдемдесті және ресми сот ісін жүргізуге кедергі келтірді деген айыптар бойынша тергеуді бастауға кеңес берді.
Бұл қылмыстық тергеулер Ақ үйдің бұрынғы басшысына жаңа сайлауға жолды жабуы мүмкін. Сонымен бірге, арнайы комитеттің қорытындылары ұсынымдық сипатқа ие және Әділет министрлігі депутаттардың өтініштерін орындауға міндетті емес.