Елімізде соңғы тәулікте 257 адам коронавирус жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы өте ауыр

Фото ашық дереккөзден

Елімізде соңғы тәулікте 257 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2498 адам коронавирус инфекциясынан (-2368 + және 130 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 350 пациент стационарда, 2148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

12 адамның жағдайы ауыр,

5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.