Төбелескендер бір-біріне арыз жазудан бас тартты
Бүгін Ақтау қаласындағы сауда орталығында жастар арасында төбелес болған. Жанжал кезінде бірі екіншісін қайшымен жаралаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«19 жастағы жігіттер арасында жанжал туындап, бірі екіншісінің бетіне қайшымен дене жарақатын салған. Жәбірленуші тексеруден кейін Маңғыстау облыстық ауруханасына барып, үйіне шығарылды. Дауласушылар дос болған және бірге жұмыс істейді. Бір-біріне талап-арызы жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.