Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қаңтар айында басталады

Автор: Azattyq Rýhy

Өтінімдерді қабылдаудың басталу күні,бағдарламалардың жаңартылған шарттары мен іске асыру тетігі алдағы уақытта белгілі болады

syrboyi.kz

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қаңтар айында басталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азаматтарға ыңғайлы болу, тең жағдайларды қамтамасыз ету және халықты көбірек қамту үшін қолданыстағы екі бағдарламаның үздік нұсқалары қолданылатын болады. Бұдан басқа, бұл қазақстандықтарға бірыңғай және ашық қағидалар бойынша отандық өндірістің жаңа автомобильдерін сатып алу үшін көбірек қаражат ұсына отырып, қаражат ағындарын біріктіруге мүмкіндік береді», - деп хабарлады Қазақстанның Даму банкінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету үшін бұдан әрі бағдарлама бойынша тек Даму Банкі оператор болады.

Қазіргі уақытта бағдарламаларға қатысатын екінші деңгейлі банктер қолданыстағы кредиттерді өтеуден түсетін төлемдерді жинақтау процесін жүзеге асыруда. Револьверлік тетік негізінде жеңілдікті қарыздар беруді бастау 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында басталады деп жоспарланып отыр.

Іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 млрд теңгені құрайды, бұл кемінде 1300 жаңа автокредит беруге мүмкіндік береді. Болашақта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлуді ай сайын іске асыру жоспарлануда.