Татарстанда президент лауазымы өзгертілді

Автор: Azattyq Rýhy

Татарстан республикасындағы президенттің лауазымы раис болып өзгертілді

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекеттік Кеңестің отырысында Төралқа республика басшысының атағын өзгертетін заң жобасын енгізді. Бұдан былай ол (раис) деп аталады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Парламент раис араб және басқа да бірқатар шығыс тілдеріндегі президент атағының атауы екенін түсіндірді.

Айта кетейік, Татарстан Ресей Федерациясының құрамына кіреді. Қазіргі президенті - Рустам Минниханов.