Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы үш күнге, 24-26 желтоқсанға арналған ауа айы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады.
«Атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын болып және жел күшейеді, 24 желтоқсанда республиканың солтүстігінде көктайғақ болады», - дейді синоптиктер.
Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде батыста 3-8 аяздан 8-13 аязға дейін, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 5-13 аяздан 10-25 аязға дейін төмендейді, шығыста 15-23 аяздан 10-18 аязға дейін ауытқиды, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 5-25 аяздан 0-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды.