Оларды ажыратуға тырысқанмен еш нәтиже шықпады
Түркістан облысындағы мектептердің бірінде ата-ана мен мұғалім арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Кадрда екі әйелдің дауласқанын байқауға болады. Содан кейін олардың біреуі екіншісін сырт киімінен ұстап, қабырғаға қарай итереді. Бірнеше секундтық ауызша жанжалдан кейін мұғалімнің еденде жатқанын көруге болады. Балалар мен мұғалімдер куәгер болды, олар екеуін ажыратуға тырысқанмен еш нәтиже болмады.
«Жағдай Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Іс полицияға берілді. Бірақ бірнеше күннен кейін ата-ана мектепке ұжымнан және зардап шеккен мұғалімнен кешірім сұрап келді. Екі тарап өзара татуласты», - деп хабарлады Түркістан облысының білім басқармасы.