Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы хабарлады
23 желтоқсанда Астанада 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылдың 23 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген Астана қаласы білім басқармасының хабарламасында.