Павлодарда 15 жастағы оқушы сегізінші қабаттан құлады

Автор: Azattyq Rýhy

Қыз бала ауыр жағдайда балалар ауруханасына жеткізілді

фото: aikyn.kz

Павлодарда 15 жастағы оқушы сегізінші қабаттан құлады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық жедел жәрдем қызметіне сағат 17:06-да Павлодар қаласының Назарбаев даңғылы, 204 мекенжайында орналасқан тұрғын үйден бала құлағаны туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оқушыны ауруханаға жеткізді. Қазір ол ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.