Дмитрий Рогозин Донецкідегі атыс кезінде жарақат алды

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Атыс кезінде екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған

© ТАСС

Ресейдің бұрынғы вице-премьері, Роскосмостың бұрынғы басшысы Дмитрий Рогозин мен өзін-өзі жариялаған ДХР үкіметінің төрағасы Виталий Хоценко оқ жарақаттарын алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.  

Алайда Рогозин мен Хоценконың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Рогозиннің өзі ресейлік RT мемлекеттік теларнаға снаряд сынығынан жараланғанын айтты.

«База» басылымының хабарлауынша, Рогозин басынан, жамбасынан, арқасынан жарақаттанған. Әлі расталмаған мәліметтер бойынша, атыс кезінде екі адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған. Бейресми мәлімет бойынша Рогозин мен Хоценко «Шеш-Беш» мейрамханасындғы отырыста жараланған. Онда Рогозин туған күнін атап өткен (ол сәрсенбіде 59 жасқа толды).

Алайда Дмитрий Рогозиннің көмекшісі мейрамханадағы отырыстың атыспен аяқталғанын жасырып, жоғары лауазымды басшылар тұрып жатқан тұрған қонақүйге шабуыл жасалды сендіруге тырысқан.

«Донецкінің шетінде соңғы айларда әскери кеңесшілер тобы, соның ішінде Дмитрий Рогозин тұрған қонақүй атқыланды. Соққылар 155 мм Caesar өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысынан алынған жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілермен болды», - деді Рогозиннің көмекшісі.  

Рогозин Донбаста «Патша қасқырлары» атты әскери кеңесшілер тобын басқарады. «База» басылымы Рогозиннің туған күнін атап өткен Донецк «Шеш-Беш» мейрамханасында атыс болғанын растады. Ресейлік БАҚ мәліметінше, мейрамхананың терезелері сынып, қонақтарға арналған зал мен аула қираған. Ғимараттың екінші қабаты снаряд түскендіктен жартылай қираған. «Шеш-Беш» мейрамхана-қонақ үй кешені Донецкнің оңтүстік шетінде, майдан шебінен шамамен 20 км қашықта орналасқан.