Астана қаласында бір тәулікте 135 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Полицейлер ауа райына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елордалық Полиция департаменті жүргізушілерге жолда аса сақ болуды, ауа райы жағдайының ықпалын, жауын-шашын кезінде жолдардың көріну деңгейінің төмендеуін, көктайғақ кезінде жолдың жүру бөлігінің өзгеруін ескеруді ұсынады.
«Таңертеңнен бері елордада 135 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам зардап шекті. Жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді болдырмауды, қашықтықты және бүйірлік аралықты сақтауды сұраймыз», – деп хабарлады ПД.